Таразда базар өртенді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда «Ауыл-Береке» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз хатшысының хабарлауынша, өрт 12 сәуірде сағат 20:04-те Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесінің бойында орналасқан доңғалақ сататын дүнгіршекте болған.

Жалын 60 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт сөндірушілердің бірінші бөлімшесі оқиға орнына сағат 20.07-де жетіп, оттың таралуын 20:29-да тоқтада алды. Сағат 20:35-те төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күшімен өрт толықтай сөндірілді. Оны ауыздықтауға 15 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өрттің тұтануына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
Айта кетейік, Астанада бір аптада 1,5 мың шаршы метр аумақта құрғақ шөп пен қамыс өртенгенін жазған болатынбыз. Өткен жылы осындай 313 жағдай тіркелген еді. Орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында биыл Астана аумағында табиғи өртке қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді. Қала шекарасының периметрінде 6 бағыт бойынша жылжымалы күзет бекеттері ұйымдастырылды

Сонымен қатар ШҚО құтқарушылары күн сайын 10-нан астам дала өртін сөндіруге шығатынын хабарладық.