Таразда бірнеше пәтерді тонаған ұры ұсталды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер бірқатар пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полициядепартаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 2 шілденде Тараз тұрғыны пәтерітоналғаны жөнінде шағымданған. Онда құны 150 мың теңге ноутбук және банккартасы ұрланғандығы хабарланған.

«Полиция 31 жастағықала тұрғынын ұстады. Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту кезіндеескі монеталар, ұялы телефондар, бағалы заттар, қымбат сағаттар, патрондар жәнеқару секілді 100-ден астам түрлі зат анықталды. Күдіктінің пәтерінде табылғанәрбір заттың қылмысқа қатыстылығы тексеріледі», - делінген ведомствомәлімдемесінде.


Күдікті Таразқаласының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, ҚР ҚК 188-бабының2-бөлігінің 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полициядепартаменті өзінің немесе таныстарының заттарын білген жағдайда, Тараз қаласыполиция басқармасының бірінші полиция бөліміне 8(7262)99-78-07, 87751326800нөмірлері бойынша немесе 102 пультіне хабарласуды сұрап, пәтерден тәркіленгензаттардың суреттерін жариялады.



Соңғы жаңалықтар