Мемлекеттік қызмет көрсету аясында азаматтарға жер учаскесіне қатысты құжаттарды рәсімдеу бойынша көмек көрсетіледі. Бұл мүмкіндік заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін жер иелеріне арналған.
Тегін рәсімдеу жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу, қажетті құжаттарды дайындау және жерге қатысты мәліметтерді рәсімдеу жұмыстарын қамтиды.
Қызметті алу үшін азаматтар Тараз қаласының тиісті мемлекеттік органдарына немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгінуі қажет.
Жер учаскесіне қатысты құжаттарды рәсімдеу үшін жеке куәлік, жерге құқықты растайтын құжаттар және жағдайға қарай басқа да қажетті құжаттар ұсынылады.
Бұл шара жер учаскелерін заңдастыруға, азаматтардың құқықтарын ресімдеуге және жер қатынастары саласындағы құжаттарды ретке келтіруге бағытталған.
Еске сала кетсек, Алматыда жердің бағалық аймақтары жетіден беске дейін қысқаратыны белгілі болды.