АСТАНА. KAZINFORM – 10 сәуір күні Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаменті Полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, Тараз қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметінің екі қызметкерін ұстады.
«Олар заңсыз келген шетел азаматтарына жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Ұсталған адамдар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жазды Ұлттық қауіпсіздік комитетінен.
Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.