«Біздің есебімізше, жылына мавзолейге 50 мыңдай адам келеді. Ресейден туристер көп келеді. Сондықтан біз электр, су жүргізіп, тұтастай аумақты абаттандыруға кірісіп кеттік», - деді әкім.
Мавзолейді абаттандыруға 20 млн теңгедей жұмсау жоспарлануда. Әкімдік жол жөндеу, гүлдер егу, субұрқақ орнату жұмыстарын жоспарға енгізген. Аңызға сәйкес Ырғызбай Досханұлы белгілі емші болған.