«Ташкент әуежайында Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовпен қоштасу рәсімі өткізілді. Қаралы рәсімнің қалған бөлігі И.Каримовтың туған қаласы Самарқандта өткізіледі», делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанның тұңғыш президентінің денесі ұшақ арқылы Ташкенттен Самарқандқа аттандырылды.
Еске сала кетсек, ел билігі Өзбекстан басшысының қайтыс болғанын ресми кеше хабарлаған еді. Ислам Каримовты бүгін Самарқанд қаласына жерлейді.