ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстандық Uzbekistan Airways әуе компаниясының ұшақтары 30 наурыздан “Ташкент - Атырау - Ташкент” бағыты бойынша рейс орындай бастайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Компаниядан мәлім еткендей, аталған бағытта аптасына екі рейс жоспарланған. Яғни, ұшақтар дүйсенбіде - күндіз, ал жұма күні кешке жолаушылар тасымалдайды.
Билет құны 1,9 млн сумнан (шамамен 81 мың теңге) басталады. Оларды компанияның ресми сайтынан, мобильді қосымша арқылы және арнайы сату кеңселерінен алуға болады.
Еске салайық, бұған дейін Атырауға қатынайтын бірқатар рейс 16 қаңтарға ауыстырылған еді.
Сондай-ақ, былтыр желтоқсанда “Ташкент – Орал” бағытында жаңа әуе рейсі ашылды.
Бұған қоса, 2025 жылдың соңында Түркістаннан Өзбекстанның үш қаласына жаңа әуе рейсі ашылды.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.