Тасқыннан зардап шеккен испандықтар корольдеріне тас лақтырды
АСТАНА. KAZINFORM - Испан королі Фелип VI мен оның әйелі Летисия жағдайды жеке бағалау үшін Валенсиядағы алапат су тасқыны зардаптарын өз көзімен көру мақсатында аталған қалаға сапармен келді, деп хабарлайды BILD агенттігі.
Алайда Валенсия тұрғындары Испан королі мен оның зайыбын жылы қабылдамай, оларға керсінше тас пен таяқтар лақтырды. Сонымен қатар олар көмектің тиісті деңгейде көрсетілмей жатқанын айтып наразылық білдірді.
Валенсия полициясы жағдайды ушықтырмас үшін қосымша шаралар қабылдады.
Айта кетсек, Испанияның оңтүстік-шығыс аудандарында тоқтаусыз жауған жаңбырдан кейінгі алапат тасқыннан Валенсия провинциясы, Кастилия-Ла-Манча ауданы мен Андалусияның шығысы қатты зардап шекті. Бұл елде 1957 жылданбергі ең алапат тасқын деп бағалануда. Осыған орай елде 3 күн аза тұту күні жарияланды.
Су тасқыны салдарынан 200 адам мерт болды және із-түзсіз жоғалғандар да бар.
Сондай-ақ елде төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін екендігі айтылуда.