Испанияда су тасқыны салдарынан 200 адам мерт болды, із-түзсіз жоғалғандар да бар
АСТАНА. KAZINFORM – Испаниядағы су тасқыны салдарынан құрбан болғандар саны күн санап артып келеді. Билік өкілдері қазір су тасқыны құрбандарының саны 205-ке жеткенін айтып отыр. Іздеу жұмыстары әлі жалғасуда, сондықтан олардың саны әлі артуы мүмкін, деп хабарлайды Euronews.
Испания 2-қарашаға дейін аза тұту күнін жариялады. Қазір елдің табиғи апаттан зардап шеккен оңтүстік-шығыс өңірлерінен нақтыланған мәліметтер келіп жатыр. Осы кезде мерт болғандар саны 205-ге жеткен. Ең көп құрбан болғандар Валенсия өңірінде тіркелген, онда 22 адам көз жұмған.
Билік қазір із-түзсіз жоғалып кеткендердің саны толық нақтыланбағандығына назар аударып отыр, бұл мерт болғандар саны әлі артады деген сөз.
Испанияның оңтүстік-шығысандағы көптеген орамдар үйіндіге айналған. Елді осындай жағдайға душар дүлей күш DANA класындағы дауыл болып отыр.
Синоптиктер осы жолғы су тасқынының Испанияда 1957-ші жылдан бері алғаш болып отырғандығын айтты. Олар сондай-ақ зардап шеккен аудандарға тағы да нөсер жауын соғуы мүмкін екендігін ескертіп отыр. Қазір ол жақта дабылдың ең жоғарғы «қызыл» деңгейі жарияланған.
Осыған дейін Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 158 адамға жеткенін жазған едік.