Құжат республика аумағында никотин жеткізетін электронды жүйелерді бөлшек саудада сатуға тыйым салуды көздейді. Шектеу бес жылға, яғни 2027 жылғы 1 наурыздан 2032 жылғы 1 наурызға дейін енгізіледі.
Бұл шешім жастардың денсаулығына вейптердің зияны туралы медицина мамандарының пікірін ескере отырып қабылданды.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, 18 жастан асқан ресейліктердің 62%-ы темекі шегіп көрген, оның ішінде никотині бар балама өнімдерді пайдалану тәжірибесі де бар.
Сауалнамаға қатысқандардың 31%-ы темекі және құрамында никотин бар өнімдерді тұтынады. Вейп пайдаланушылардың үлесі 9%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш ірі қалалардың тұрғындары мен 35 жасқа дейінгі азаматтар арасында жоғары. Кәмелетке толған ресейліктердің 21%-ы вейп қолданып көрген.
Өңірлік шектеулер енгізуге Ресей президенті қол қойған федералдық заң құқықтық негіз болды. Ол 2026 жылғы 1 қазанда күшіне еніп, Ресей Федерациясының субъектілеріне вейптерді бөлшек саудада сатуға тыйым салу құқығын берді.
Осындай тыйым Пермь өлкесінде де енгізілді. Қыркүйек айының соңында Удмуртия да осындай шешім қабылдады. Онда да шектеулер 2027 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енуге тиіс.
Ресей үкіметі жанындағы әлеуметтік саладағы қамқоршылық мәселелері жөніндегі кеңестің «Денсаулық сақтау және салауатты өмір салты» секциясының қатысушылары құрамында никотин бар өнімдердің жекелеген түрлері мен темекінің балама өнімдерін сатуға ұрпақтық тыйым енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын.
Осыған дейін Қазақстанға 500 млн теңгенің вейпін заңсыз әкелмек болғандар ұсталғаны туралы жаздық.