Tatler Asia тізімінде Жапонияның Хоккайдо, Қытайдың Харбин және Оңтүстік Кореяның Тогюсан сияқты танымал қысқы демалыс орындары бар.
Басылым Алматының негізгі артықшылықтарының бірі ретінде қалаға жақын орналасқан тау курорттарын атап өткен. Аспалы жолмен «Медеу» кешенінен «Шымбұлаққа» 20 минутқа жетпей жетуге болады. Ал одан әрі теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктіктегі Талғар асуына көтерілуге мүмкіндік бар. Мұнда түнгі уақытта шаңғы тебуге болатын әлемдегі ең биік тау шаңғысы трассасы орналасқан.
— Алматының басқа туристік орталықтардан негізгі айырмашылығы — заманауи қала тіршілігі мен биік таулы табиғаттың бір-бірімен үйлесуі. Туристер бір күннің ішінде тау шаңғысын теуіп, ұлттық мәдениетпен таныса алады, музейлерді аралап, мейрамханалар мен заманауи өнер кеңістіктеріне бара алады, — делінген басылымда.
Алматыда тау кластерін дамыту жобасы аясында жаңа аспалы жолдар салу, тау шаңғысы трассаларын көбейту, көлік және инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ жыл бойы туристерді тартатын жаңа демалыс орындарын қалыптастыру жоспарланған.
Tatler Asia жариялаған бұл рейтинг Алматының халықаралық туристік нарықтағы танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар отандық курорттардың бәсекеге қабілеттілігін танытып, шетелдік туристер мен инвестиция тартуға жол ашады.
Еске салайық, BBC Travel Алматыны саяхаттауға болатын үздік 20 қала қатарына қосқан еді.