2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Татьяна Токарницкая: Біз мықты болып ораламыз

АЙЧИ.KAZINFORM — Қазақстандық байдарка және каноэ есуші Татьяна Токарницкая Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында екі жүлде жеңіп алды. Спортшы Kazinform тілшісіне берген шағын сұхбатында жарыс нәтижесін қортындылап, команданың болашақ жоспары туралы айтты.

Фото: ҰОК

Татьяна Токарницкая жүлде үшін барын салғанын жасырмады.

— Ақтық бәсеке ешқашан оңай болмайды. Біз қарсыластардың мықты екенін, бәсекелестік күшті болатынын білдік. Су айдыны жақсы болды, ауарайыда тамаша. Жүлде үшін бар күшімізді салдық, қола медал бұйырды, — деді ол.

Қазақстандық спортшы алдағы уақытта дайындықты жақсартуды жоспарлап отырғанын айтты.

— Алда дайындық жұмыстарына қайта кірісіп, деңгейді көтеруге күш саламыз. Келесі жылға дейін команда құрамын күшейтіп, бұданда мықты болып ораламыз, — деді Татьяна Токарницкая.

Айта кетерлігі, Татьяна Токарницкая командаласы Ольга Шмелевамен бірге жұптық байдарка мен каноэде есу жарысында әйелдер арасындағы 500 метрлік қашықтықта күміс жүлде еншіледі.

Сондай-ақ, спортшы бүгін төрттік 500 метр жарысында қола жүлде жеңіп алды.