«Тұтынушы үшін тауардың сипаттамасы, ескерту және өндіруші мекеменің атауы қазақ тілінде көрсетілмесе, бұл –заң бұзушылық. Осы орайда тұтынушы өз құқығын қорғау үшін біздің өңірлік департаменттерге жүгінуге құқылы» - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ комитет басшысы мемлекеттік тіл талабының бұзылуы бойынша мысал келтірді.
«Sinooil» ЖШС Атырау филиалы 1 035,0 мың теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жанар-жағармай бекетінде мемлекеттік тілде ақпарат болмаған», - дейді ол.
Бұған дейін Қуаныш Елікбаев елімізде зергерлік бұйымдардың дені сынамасыз сатылатыны туралы хабарлаған еді.