Таудағы туристерді тонап келген қарақшы ұсталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полициясы тауға демалуға барған туристерді тонаумен айналысқан қарақшыны ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚалалықПолиция департаментінің хабарлауынша, Медеу ауданының Бутаковка шатқалындадемалуға барған туристер бірнеше рет полицияға арызданған. Оларға белгісіщз біреу келіп, пышақпен қорқытып, ақша талапеткен, ұялы телефондарын тартып алған.

«Арыз түскентерриторияларға полицияның қылмыстық тергеу тобы жіберілді. Олар көпұзатпай 37 жастағы адамды ұстады. Күдікті бірқатар қылмыс жасағаны үшін істіболған. Ол қалада тұратын жері болмаған соң, лашық салып алып, тауда тіршілік еткен. Ары қарай өзін асырау үшін қылмысқабарған. Некен-саяқжүрген адамдарды таңдап алып, канцеляриялық пышақпен қорқытып, ақшасын, құндызаттарын алып кетіп отырған. Бір туристке пышақ салған. Жапа шеккен адамның денсаулығынатөнген қауіп жоқ. Алайда бұл оның жазасын ауырлата түсері анық», - деді Медеу аудандық полициябасқармасының басшысы Болат Тотыбаев.

Күдіктініңайтуынша, ол жалғыз әрекет етпеген. Қасында өзінен бірнеше жас үлкен сыбайласы болған.

«Сыбайласыжан-жақты бақылап отырған. Оның да жеке тұлғасы анықталды. Енді ұстау -уақыттың еншісінде ғана. Ең басты күдікті уақытша оқшаулау орнына қамалды. Егеросы адамның әрекетінен жапа шеккен адам болса 254-48-00;254-48-01 және 254-48-02 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз», - деді майорТотыбаев.

Соңғы жаңалықтар