Бұл туралы облыс әкімдігінің ресми сайтынан хабарланды.
Облыстық ішкі істер департаментінде өткен шара барысында ҚР ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау хаты оқылып, министрдің бұйрығымен 16 қызметкерге құрмет көрсетілді. Сондай-ақ департамент бастығы, полиция полковнигі Жанарбек Бақтыбаевтың бұйрығымен 490 қызметкер марапатталды. Шара Тәуелсіздік күніне арналған концертке жалғасты.