«Достар! Қала әкімдігі Астана туралы бірқатар шағын видеофильмдер әзірледі», деп жазады қала басшысы.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Астананың 25 мезеттері» деп аталатын шағын фильмдер сәулет, мәдениет, руханият, тарих, тақырыбын қамтиды. Барлық видеоларды қала әкімдігінің Ютубтегі парақшасында тамашалауға болады.