ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралдағы «Атамекен» өнер ордасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Күй - тектілік тереңі» облыстық жас домбырашылар байқауы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш іс-шара БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігімен күйшілік өнерді өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, жас таланттарды анықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Сайыс барысында ұлттық қолөнер түрлерінен арнайы көрме таныстырылды.
Екі кезеңнен тұратын байқаудың финалдық кезеңіне ең үздіктер жолдама алды.
Сайыс қорытындысында 14-18 жастағылар арасында Наурызбек Кузанбаев жеңімпаз атанды. Эрнест Қайыржанов екінші, Айзада Қибашова үшінші орынға ие болса, Жұлдыз Нариманова мен Мәдина Қадырғалиева «Көрермен көзайымы» деп танылды.
19-29 жастағылардан Байқұтты Қайрат үздік шықты. Егінғали Қыдырнияз екінші, Темірлан Сыралиев үшінші жүлдені еншіледі. Рамазан Бекзат пен Нұрай Үмбетова «Көрермен көзайымы» атанды.
Жеңімпаз-жүлдегерлерге арнайы дипломдар, ескерткіш сыйлықтар, қаржылай сертификаттар тапсырылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын елордада күйші Орынбай Дүйсеннің «Ұлы көш» атты кеші өткенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).