- Тәуелсіздік күніне орай Астанада 50-ден астам түрлі мерекелік және ресми іс-шара өтеді. Оның ішінде көрмелер, концерттер, сурет байқаулары, турнирлер мен спартакиадалар сияқты іс-шаралар бар. Отшашу болмайды – деп жауап берді Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева агенттік тілшісіне.
Астанада Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралардың уақыты мен орны туралы мына сілтемеге өтіп танысуға болады.
Еске сала кетсек, Республика күніне орай, Астанада демеушілердің қолдауымен мерекелік отшашу ұйымдастырылды.