21:20, 25 Қазан 2024 | GMT +5
Астанада мерекелік отшашу өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Республика күніне орай, Астанада демеушілердің қолдауымен мерекелік отшашу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Ауқымды фейерверк сағат 21:00-де елорданың Триатлон паркі аумағында атылды.
Еске салайық, бүгін – Республика күні. Тәуелсіздіктің алғашқы бастауы саналатын бұл мереке ондаған жылдан кейін қайта жаңғырып, еліміздің жалғыз ұлттық мерекесі ретінде аталып өтуде.
Айтулы күннің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шара өткізіледі.
Айта кетейік, Қазақстан аумағында атауында «Республика» сөзі бар 29 заңды тұлға тіркелген. Олардың арасында партия, кофехана, қоғамдық қор бар.