«Республика» сөзін кімдер атауына арқау етіп жүр
АСТАНА. KAZINFORM – Республика сөзінің қазақ халқы үшін қадірі артқан кез 1990 жылдан бастау алады. Алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлының сөзімен айтсақ, осы жылдың 25 қазанында Қазақстанның егемендігі қалпына келтірілген болатын. 70 жылға жуық уақыт бойы КСРО-ны ортақ үйіміз деп келген қазақстандықтар егемендік жарияланған сәттен бастап өздерін жеке республикасы бар толыққанды азамат ретінде сезінуге мүмкіндік алды. Осынау тарихи өзгерістің қоғамда қандай із қалдырғанын ономастикалық таңбалар мен заңды тұлғалардың атауынан зерттеп көрдік.
Партия, кофехана, қоғамдық қор
Әділет министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың 16 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында атауында «Республика» сөзі бар 29 заңды тұлға тіркелген. Олар:
- «Кофе Республикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- «Республика даңғылы, 26» көппәтерлі тұрғын үй мүлкі меншік иелерінің бірлестігі
- «Respublika Foundation» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры
- «Respublika House» мүлік иелерінің бірлестігі
- «Шымкент, Республика даңғылы, 48, 8-пәтер» мүлік иелерінің бірлестігі
- «Шымкент, Республика даңғылы, 25 ж., 9-пәтер» мүлік иелерінің бірлестігі
- «Республика-2000» қоғамдық бірлестігі
- «Айтыс Федерациясы Қазақстан Республикасы» қоғамдық бірлестігі
- «Екінші РЕСПУБЛИКА» қоғамдық қоры
- «Құқық Республика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- «Республикалық құқық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі
- «Республика даңғылы, 11 үй» мүлік иелерінің бірлестігі
- «Республика даңғылы, 10/1 үй» мүлік иелерінің бірлестігі
- «Республика-Өңір-Даму» қоғамдық қоры
- «Республика даңғылы, 40 үй» мүлік иелерінің бірлестігі
- «Құқықтық РЕСПУБЛИКА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- «Шымкент, Республика даңғылы, 46-үй, 28-пәтер» мүлік иелерінің бірлестігі
- «Республика» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- «Қазақ Республикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- «Kazakhstan republic mineral resources (Қазақстан Республикасы минерал ресурс) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- «Астана, Республика даңғылы, 30-үй» мүлік иелерінің бірлестігі
- «Республика-16» мүлік иелерінің бірлестігі
- «ОТАНЫМ - Қазақстан Республикасы» үлгілі тұрғын үй кешендері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- «Республика» құрылыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
- «РЕСПУБЛИКА» қаржы холдингі» акционерлік қоғамы
- «Республика, 9» мүлік иелерінің бірлестігі
- «Астана, Республика даңғылы, 21-үй» мүлік иелерінің бірлестігі
- «Республика 14» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Заңды тұлға дегеннен шығады, Respublika атымен елге кең танылған қоғамдық қозғалыс болғанын ел жақсы біледі. Қозғалыстың белсендісі Бэлла Орынбетоваға хабарласқанымызда ол ұйымды ресми тіркеу сол күйі мүмкін болмағанын, қазір жұмысын тоқтатқанын айтты.
«Республика» бренді
Әділет министрлігінің дерегі бойынша «АХАЖ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесіне тегінде, әкесінің атында немесе өз есімінде «Республика» сөзі бар қазақстандық тіркелмеген. Ұлттық статистика бюросынан да осындай жауап алдық. Демек, ешбір қазақстандықтың есім-сойында «республика» сөзі көздеспейді деген сөз.
«Ұлттық зияткерлік меншік құқығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Әділет министрлігіне ұсынған ақпаратқа сенсек, тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде атауында «республика» сөзі қорғалмайтын элемент ретінде кездесетін 57 тауар белгісі тіркелген.
Сонымен қатар, Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінде «Республика» сөзін ғана атау етіп алған 3 тауар белгісі тіркелген.
Республика бойымен...
Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауабы «Республика» атауын ұлықтау мақсатында елімізде бірқатар шара жүзеге асырылды», - деген сөйлеммен басталады.
Министрлік мәліметі бойынша, «Республика» атауы:
- 29 көшеге (Павлодар, Абай, Атырау, Қызылорда, Ақмола, Жетісу, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары)
- 5 даңғылға (Астана, Шымкент қалалары мен Ақмола, Қарағанды облыстары)
- 1 алаңға (Алматы қаласы)
- 2 скверге (Қарағанды облысы) берілген.
«Атауында «Республика» сөзі бар құрамдас бөліктер: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі (Батыс Қазақстан облысы), Республика күні көшесі (Солтүстік Қазақстан облысы), 2 көше - Қазақстан Республикасы көшесі (Алматы және Батыс Қазақстан облыстары), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» алаңы (Батыс Қазақстан облысы)», - деп жазылған министрлік жауабында.