Тай бокстан әйелдер жекпе-жегі: қырғызстандық спортшы атақты Холли Холмнан басым түсті (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Валентина Шевченко мен америкалық Холли Холм арасындағы тай боксы бойынша жекпе-жек қырғызстандықтың жеңісімен аяқталды.

Бұл туралы Қырғызстанның тай боксы федерациясы Facebookтегі парақшасында жазды, деп хабарлады КирТАГ.

UFC on Fox 20 турниріндегі Валентина Шевченко мен Холли Холм жекпе-жегі 24 шілдеде Чикагода (АҚШ) өтті. Кездесу 5 кезеңге созылды. Оның қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен 49-46 есебімен Шевченконың пайдасына шешілді. Спортшылар 62 кг салмақ дәрежесінде айқасты.