Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан Еуроодақ елдерінде газ бағасы 70% өсті

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық Одақтың энергетика жөніндегі комиссары Дан Йоргенсен Таяу Шығыс дағдарысы кезінде Еуропалық Одақтағы газ бағасы 70%, мұнай бағасы 60% қымбаттағанын айтты, деп хабарлайды БЕЛТА.

Фото: РИА Новости

— Таяу Шығыста қақтығыс басталғалы Еуропалық Одақта газ бағасы 70%-ға, мұнай — 60%-ға өсті. Қаржылық тұрғыдан алғанда, 40 күндік қақтығыс Еуропалық Одақты энергия импортына қосымша 14 миллиард еуро жұмсауға мәжбүр етті, — деді Дан Йоргенсен.

Бұған дейін Еуропалық одақ Қазақстан мұнайының экспортына кедергі келтірмейтіні туралы жаздық. 

Сондай-ақ Еуропалық Одақ инновациялық қорғаныс технологияларын әзірлеуді жеделдету үшін 115 млн еуро бөлуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, одақ былтыр Грузияға қаржылық көмек көрсеткен жоқ. Бұл жағдай 2026 жылы да жалғасуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.