Кеше түнде Таяу Шығыстан елге 1 786 жолаушы жеткізілді

АСТАНА. KAZINFORM - Наурыз айының 7-нен 8-не қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, нәтижесінде елге 1 786 жолаушы жеткізілді.

Фото: ҚР Көлік министрлігі

ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар азаматтарды Қазақстанға қайтару үшін тағы бірнеше рейс жоспарлап отыр.

3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс жасалып, 6 254 адам елге оралды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр.

Осыған дейін Қазақстанға Таяу Шығыстан 27 рейс орындалып, 4 659 жолаушы елге жеткізілгені туралы жаздық.