Мәліметке сәйкес, сенбі күні жергілікті уақытпен сағат 21:41-де Тайвань аралының оңтүстік бөлігінде жер сілкінді, магнитудасы – 6,5.
Зілзала ошағы Тайбэй қаласынан 220 шақырымнан астам жерде орналасты. Тереңдігі – 10 шақырым.
Негізгі дүмпуден кейін магнитудасы азырақ бірнеше афтершок тіркелді.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қатты жерасты дүмпуі Тайвань аралының бүкіл аумағында, сондай-ақ Тайвань бұғазының өзге жағалауында орналасқан Фуцзянь, Чжэцзян және Гуандун провинцияларында байқалды.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.