Тайваньдағы зілзаладан қаза тапқандар саны жеті адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайваньда болған жер сілкінісінен ең қатты зардап шеккен - Тайнань қаласы. Белгілі болған мәліметке сүйенсек, осы уақыт ішінде ауруханаларға 378 адам жеткізілді, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Соңғы мәліметтер бойынша, Тайвань аралындағы зілзала салдарынан жеті ада қаза тапты, деп жазады құтқарушылар орталығына сілтеме жасаған «Хуанцю шибао» газеті.
ҚХР Премьер-министі Ли Кэцян елдегі табиғи апатқа байланысты көңіл айтты. Бұған дейін алты адам қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.
АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, Тайвань аралының оңтүстік бөлігінде 6,4 (бастапқы бағалануы - 6,7) балдық жер сілкінісі болған.