Бұл туралы NTD телеарнасы хабарлады.
Жаратылыстану ғылымдарының ұлттық мұражайы антропология бөлімінің сақтаушысы Чжу Хуэйли археологтар мен мұражай қызметкерлері бұған таң қалғандықтарын айтты.
Әйелдің тістері арқылы оның 4800 жыл бұрын, неолит дәуірінде өмір сүргені анықталды. Жасы шамамен 20-ларда болған, ал нәрестесінің тісі шықпаған.
Бұл мәйіттердің жанынан археологтар ежелгі ыдыс-аяқтар мен 48 адамның мүрдесін тапты.