Тазартқыш құрал өндірісі күрт өсті: нарық әлі де импортқа тәуелді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда биылғы жылдың тоғыз айында 109,7 тонна тазартқыш құрал өндірілді. Өндіріс көлемі бір жылда 3,4 есе артқанымен, ішкі нарықтағы өнімнің 98,8 пайызы импорт есебінен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті.

Фото: Ұлттық статистика бюросы

Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 есе көп. Былтыр мәселен жылдың тоғыз айында өндіріс көлемі 32,3 тонна болыпты. 

Биылғы жылдың тоғыз айында аталған өнім түрінің ресурстары 8,95 мың тоннаға жетіп, өткен жылдың қаңтар–қыркүйек айларымен салыстырғанда 13,3%-ға артқаны аңғарылған.

Стат бюроның дерегінше, ресурстардың негізгі үлесі импортқа тиесілі — 8,85 мың тонна немесе 98,8%. 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда импорт көлемі 12,3%-ға өсіп отыр.

Ішкі нарықта тазартқыш құралдарды өткізу көлемі 8,95 мың тонна. Бұл өткен жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштен 15,8%-ға жоғары.

Есепті кезеңде өнім экспорты 3,5 тонна болып отыр. Ал 2025 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында 171,9 тонна өнім экспортталған.

Еске сала кетейік, Қазақстанда құрылыс қарқыны артты.