Тәжікстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін 14 сағат 01 минут кезінде жер сілкінісі болды. Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеді.

Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 760 шақырым жерде Тәжікстан аумағында болған.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.7 болса, магнитудасы MPV 5.7, ал тереңдігі 0 шақырымды құраған.

Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.

Бұл бүгінгі күнге тіркеліп отырған екінші жер асты дүмпуі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 11 сағат 47 минут 06 секундта Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 450 шақырым қашықтықта Қытай аумағында магнитудасы 4.8. жер сілкінісі тіркелген еді.