19 ақпанда Тәжікстанның таулы аймақтарында бірнеше қар көшкіні жүріп, көлік қозғалысы жабылды. 15-19 ақпан күндері Тәжікстанда 200 қар көшкіні, 7 саз көшкіні және 6 тасқұлама жүрді. Қар көшкіні салдарынан 19 тәжікстандық қаза тапты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай 16 ақпанда Тәжікстанда тұрғын үйлерді қар көшкіні басып, 15 адам қаза тапты.
Ал Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы Тогуз-Тороу ауданында қар көшкіні астында қалған 45 жастағы ер адамның денесі табылды.
Агенттіктің мәліметінше Қырғызстандағы Атай ауылының 1978 жылғы тұрғыны жылқы бағу үшін Ала-Жыга учаскесіндегі тауға шыққан. Қар көшкіні түсіп, тұрғын оның астында қалып қойған.
Фото: khovar.tj