Бұдан әрі Ш.Шохиен мырза үшін Жоғарғы Сот ғимаратына экскурсия ұйымдастырылды. Таныстырылым барысында сот отырыстарының залдары, жалпы отырыс залы, өңірлермен бейнебайланыс орнату мүмкіндіктері көрсетілді. Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі көрсеткіштерін арттыруға мән беріле отырып, еліміздің соттарында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар таныстырылды.
Осы ретте ғимараттың салыну тарихы, оның инфрақұрылымдық және материалдық-техникалық ерекшеліктері айтылды.
Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз ету шеңберіндегі сот жүйесін реформалау бойынша қол жеткізген негізгі жетістіктер туралы таныстыру сипатындағы ақпарат ұсынылды.