АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің «Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 2017 жылдың 26 маусымы күні 10 сағат 11 минут 42 секундта жер сілкінісін тіркеді.
«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 721 шақырым қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 11.5. Тербелісі - 5.6», - делінген «Алматы» СОО кезекші операторының хабарламасында.
Жер дүмпуі Алматы қаласында сезілмеді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.