«Сараптама нәтижелеріне сүйенсек, дуальді жүйе кадрларды даярлау, жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету мәселесін шешудің ең тиімді моделі болып табылады. Оқытудың дуальді жүйесінде өндіріс халықаралық деңгейде 60 елде кеңінен таралған. Оның негізгі ерекшелігі - білім беру теориясы мен тәжірибесі кәсіпорынмен бірге ұштасып жатыр. Қазақстанда осы модельге көшу аясында 60 пайызы өндіріс арқылы, ал 40 пайызы теория ретінде оқу орнында жүргізілуде»,-деді Е. Иманғалиев.
Осы орайда ол оқушы болашақта баратын мамандығы бойынша өндіріспен алдын ала таныса бастайтындығын, сонымен қатар тиісті шартқа отыратындығын атап өтті.
«Шартта көптеген жаңашылдықтар қамтылған. Бұрындары тәжірибен өту кезінде студентке жалақы төленбейтін еді, ал енді қазір бұл бағытта еңбекақы төленіп жүр. Орташа алғанда тәжірибеден өтіп жатқандарға 60 мың теңге көлемінде жалақы берілуде. Қосымша осы жоба бойынша бірнеше мекемелер өздерінің гранттарын тағайындап жатыр, яғни кәсіпкерлер грант беріп, жас мамандарды оқытып жатыр»,-деді Е. Иманғалиев.
Оның сөзіне қарағанда, 800- ден астам кәсіптік оқыту мекемелері болса, соның 34 пайызы дуальді жүйені пайдаланып отыр. Бұл тұрғыда 348 колледж қамтылған.