Тәжікстанда Starlink спутниктік интернет іске қосылды

Фото: globallookpress.com

АСТАНА. KAZINFORM — Тәжікстанда Starlink спутниктік байланыс жүйесі ресми түрде іске қосылды. Бұл туралы SpaceX компаниясы өзінің X әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

— Тәжікстанда енді Starlink жоғары жылдамдықты интернет қолжетімді, — деп хабарлады компания.

Тәжікстан Байланыс қызметі Starlink Tajikistan компаниясымен келісімге өткен жылдың қазан айында Dushanbe Invest–2025 халықаралық инвестициялық форумы кезінде қол қойды.

Елдегі пайдаланушылар енді өткізу қабілеті жоғары және минималды кідіріспен спутниктік интернетке қосыла алады. Бұл технология бірінші кезекте тұрақты жер үсті инфрақұрылымы жоқ аймақтарға бағытталған.

Бұған дейін Қатар әуе желілері Dreamliner-ді Starlink Internet жүйесімен жабдықтағанын хабарладық.

Ал Қазақстанда Starlink Direct to Cell спутниктік байланыс технологиясы сынақтан сәтті өтті.