Тиісті қаулыны Тәжікстан үкіметі 2026 жылғы 1 шілдеде қабылдаған. Құжат туристік қызмет көрсететін субъектілерді қолдау және елдегі туризм саласын дамыту мақсатында әзірленген.
Жаңа қор бірнеше қаржы көзінен қалыптастырылады. Солардың бірі — Тәжікстан азаматтарына шетелге шығуға арналған туристік пакеттерді сатудан түскен қаражаттың 5%-ы көлеміндегі аударым.
Сонымен қатар қорға шетелдік туристердің ел ішіндегі сапарының әр тәулігі үшін туристік пакеттерден алынатын жарна, туристік қызмет көрсетуге рұқсат беретін құжатты рәсімдеу үшін алынатын төлем, осы алымдарды төлеуден жалтарғаны үшін салынатын айыппұлдар, депозиттерден түсетін кірістер, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарының гранттары мен нысаналы қаражаты аударылады.
Қорға түскен қаражат туристік инфрақұрылымды құруға және дамытуға, мамандарды даярлауға әрі оларды әлеуметтік қолдауға, қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ елдің туристік әлеуетін таныстыру мен ілгерілетуге жұмсалады.
Қордың қаражатын басқару 13 адамнан тұратын Кеңеске жүктелді. Кеңесті Туризмді дамыту комитетінің төрағасы мен оның бірінші орынбасары басқарады.
Кеңес құрамына сондай-ақ министрлердің орынбасарлары, тиісті мемлекеттік органдардың басшылары және туристік қоғамдық бірлестіктің өкілі кірді.
Айта кетейік, Тәжікстан экономикасы 8,2%-ға өсті.