Тәжікстанда жер сілкінді
09:19, 28 Қаңтар 2026
АСТАНА. KAZINFORM – Жерасты дүмпуі 28 қаңтарда Астана уақытымен сағат 4:32-де (Гринвич бойынша 27 қаңтар күні сағат 23:32) Тәжікстан аумағында тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық деректер орталығы.
ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институты Деректер орталығының жедел ақпаратына сәйкес, зілзала ошағының бағыты 38.31 градус солтүстік ендік, 73.82 градус шығыс бойлықта жатыр.
Магнитудасы mpv=4.2.
Энергетикалық класы K=11.6.
Тереңдігі h=184 шақырым.
Тәжікстанда жер сілкінісі соңғы рет 9 қаңтарда тіркелген еді.