Тегеран Израильге зымыранмен шабуыл жасады

Фото: видеодан алынған скрин/ru.irna.ir

АСТАНА. KAZINFORM – Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары Израильге зымырандық шабуылдардың жаңа толқыны басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды ВВС.

Иранның БҰҰ жанындағы елшісі Амир Саид Иравани Тегеранның өзін-өзі қорғауға құқығы бар екенін және оның шеңберінде «тек әскери мақсаттарға және онымен байланысты инфрақұрылымға» бағытталған «пропорционалды қорғаныс операцияларын» жүргізгенін мәлімдеді.

– Алайда Израильдің қасақана шиеленісуінен және оның жалғасып жатқан агрессиялық актілерінен кейін [...] Иран пропорционалдылық принципіне сәйкес Израильдегі белгілі бір инфрақұрылымға оның жалғасып жатқан агрессиясын материалдық тұрғыдан қолдайтын заңды мақсаттар ретінде нысанаға алатын қосымша шаралар қабылдады, - деді Иравани БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жазған хатында.

Ол сондай-ақ Израильді бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға шабуыл жасады деп айыптады. Ал Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Израиль Иранның ядролық және зымырандық нысандарын нысанаға алып жатыр, ал Тегеран бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады деп мәлімдеді.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні Израиль соққысы басталғаннан бері кем дегенде 224 адам қайтыс болғанын хабарлады.

Ал Израиль билігі жұмадан бері елде ирандық соққы салдарынан 24 адам көз жұмды деп мәлімдеді.

Иран Израиль соққыларынан кейін Ядролық қару таратпау келісімінен шығамыз деп қорқытты.

Трамп Израиль мен Иран арасында бейбітшілік орнатуға уәде берді.