Израиль Қорғаныс армиясының Тегеранға жасаған соңғы үш соққысының салдарынан 73 әйел мен бала қаза тапты. Бұл туралы Иран СІМ-нің ресми өкілі Эсмаил Бағаи мәлімдеді.
— Израиль насихаты тұрғын үйлерге еш зиян келтірмейтіндей көрсеткісі келеді. Алайда шын мәнінде, Тегеранға жасалған үш шабуылдың салдарынан 73 әйел мен бала көз жұмды, — деп жазды Бағаи X әлеуметтік желісінде.
Ол сондай-ақ Шахид Чамран қаласындағы тұрғын үй қирағанда 20 бала қаза тапқанын, әлі 10 баланың денесі қирандылар астында жатқанын айтты.
Бұған дейін хабарланғандай, қарымта соққы ретінде Иран Израильге тағы да зымыран жіберді.