Қоныс иелеріне мұндай қуанышты «Эва Люкс» ЖШС жетекшісі Эйхвальд Валерий Иосифович пен тағы бір кәсіпкер азамат сыйлады. Үш бөлмелі жер үйдің кілтін алған Мақпал шексіз алғысын жаудырды.
«Мақпал Текеліде бүгінгі күнге дейін бірнеше жерде үй жалдап тұрған. Өтінішін айтып, қабылдауыма да жиі келетін. Міне, осындай қолы ашық жандардың арқасында үйлі болып, үлкен қуанышына куә болдық», - деді Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Текелі қаласының тұрғыны 7 баланың анасы Назгүл Көжекееваға «АСПМК-19» ЖШС-і төрт бөлмелі үй алып бергенін хабарлаған болатынбыз.