Теледебат сауалнамасының нәтижесі белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Құрылтай сайлауы алдындағы партиялардың командалық теледебатының сауалнама қорытындысы анықталды. Рейтингте «Әділет» партиясы 60,6 пайыз дауыспен көш бастап тұр.

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Jibek Joly телеарнасы тікелей эфирі кезінде көрерменге «Қай партия командасының сөзі өтімді?» деген сауал қойылды. Көрермендер экранның төменгі жағындағы QR-код арқылы дауыс берген. 2 сағатқа жуық аралықта сауалнамаға 165 153 көрермен қатысты. 

Фото: Видеодан алынған скрин

 

Онлайн дауыс беру нәтижесі:

  • «Әділет» партиясы – 60,6%
  • «Ауыл» партиясы – 15,1%
  • Respublica партиясы – 10,2%
  • ЖСДП – 3,9%
  • «Ақ жол» партиясы – 3,5%
  • Қазақстан Халық партиясы – 3,3%
  • «Байтақ» партиясы – 2,7%
  • «Ешқайсысын қолдамаймын» – 0,7%.

Сауалнаманы «Jibek Joly» телеарнасының тапсырысы бойынша Қазақстандық қоғамдық даму институты жүргізді. 

Айта кетейік, онлайн дауыс беру сайлау учаскесінде берілетін ресми дауыстың орнын алмастырмайды және сайлауға қатысушы партияның ресми рейтингін білдірмейді. Бұл – көрерменнің командалық телевизиялық дебатқа қатысқан партия өкілдерінің жауабы мен белсенділігіне берілген дербес баға.

Бұған дейін екінші кезеңінен кейінгі сауалнаманың аралық нәтижесін жарияладық.