«13 қаңтар күні сағат 10.01-де «102» телефонына белгісіз ер адам хабарласып, орталық әмбебап дүкенге жарылғыш зат қойылғанын хабарлады. Дүкенге барлық төтенше қызмет жіберілді, орталық дүкен ғимаратынан 400-ге жуық адам көшірілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Полиция қылмыскердің ізін суытпай, 25 жастағы Қарағанды тұрғынын ұстады. ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция аталған бап бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады. «Қоңырау шалмай тұрып, зардабын ойлаңыздар», - дейді полицейлер.