Телефонға жолданған SMS әскерге шақыру туралы ресми хабарлама ретінде танылады

АСТАНА. KAZINFORM — «Әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы мамырдағы қаулысына өзгерістер енгізуге қатысты тиісті құжаттың жобасы жарияланды. 

Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Осы жобаның мақсаты азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізуде бірыңғай тәсіл енгізуге арналған. 

— Жоба әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін нақтылауға, әскерге шақыруды кейінге қалдыруды мемлекеттік қызмет көрсету арқылы іске асыруға, әскери қызметке жататын азаматтардың телефон нөмірлеріне SMS-хабарламаны хабарландырудың тиісті түрі деп танытуға бағытталған, — делінген Ашық НҚА порталында жарияланған құжатта. 

Құжат жобасы биылғы 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Еске салсақ, былтыр жыл соңында әскерге шақыру, босату және кейінге қалдыру SMS-хабарлама арқылы жеткізілетіні мәлім болды