Telegram-арнасы арқылы вейп сатқан топ ұсталды

Фото: Видеодан алынған скрин

АЛМАТЫ. KAZINFORM — ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті электрондық тұтыну жүйелері (вейптер), дәмқосқыштар мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымымен айналысқан топтың қызметін тоқтатты.

Тыйым салынған өнімді сату Telegram мессенджерінде «ESCOBAR OPTOM» атауымен жүргізіліп, курьер арқылы жеткізіліп отырған.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қоймалар мен сату нүктелері анықталды.

— Тінту барысында 150 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін табыс 1 млрд теңгеден асып кетуі мүмкін еді. Бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылған. Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары электронды сигареттерді әдейі жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген, — делінген ҚМА хабарламасында.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Айта кетелік елімізде вейп және басқа никотин құрамдас бұйымдарға қарсы күрес шаралары күшейтілген еді