Тыйым салынған өнімді сату Telegram мессенджерінде «ESCOBAR OPTOM» атауымен жүргізіліп, курьер арқылы жеткізіліп отырған.
Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қоймалар мен сату нүктелері анықталды.
— Тінту барысында 150 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін табыс 1 млрд теңгеден асып кетуі мүмкін еді. Бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таратылған. Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары электронды сигареттерді әдейі жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген, — делінген ҚМА хабарламасында.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетелік елімізде вейп және басқа никотин құрамдас бұйымдарға қарсы күрес шаралары күшейтілген еді.