Автомобиль жүргізушісі төгілген көмірден жеңіл жарақат алған. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, КамАЗ-дың 29 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Оның артындағы «Тойота Авалон» жүк көлігін келіп соққан. Жол апатының жанынан өтіп бара жатқан басқа автокөліктердің жүргізушілері, тіпті эмоцияға ерік берген: «Өзі көмір тапшы болып отырғанда, сонша көмірді шашып жіберді», дейді куәгерлердің бірі.
Б. Құдияров жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлімдеді.