Наурыз қарсаңында Теміртау қалалық ПБ қызметкерлері қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға арналған мекемелерді аралап қайтты. Іс-шара «22 ұлттық сыйлық» қайырымдылық акциясы аясында өтті.
Тәртіп сақшылары «SOS. Балалар ауылының» тәрбиеленушілеріне ұлттық стильде орындалған қуыршақтар, кілемдер, ұлттық костюмдер, бас киімдер, құмыралар, асхана жиынтықтарын табысталды. Полиция қызметкерлері 18 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан осы балалар мекемесіне қамқорлық етуде. Онда қиын өмірлік жағдайға тап болған 3 жастан 16 жасқа дейінгі жас жеткіншектер тұрады.
Сондай-ақ, полицейлер Қарағанды облысының білім басқармасының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болды. Олар балаларды қазақ халық шығармашылығының бұйымдарымен қуантты.
«Осы тұрмыстық заттардың барлығын, киімдерді ата-бабаларымыз пайдаланған. Сіздер – біздің болашағымыз және дәстүрлерімізді жалғастырушыларысыздар. Бұл қарапайым сыйлықтар біздің ұлттық дәстүрлерімізді білуге және есте сақтауға ықпал етуі керек. Сіздерге бақыт, денсаулық және қуаныш тілейміз!»- деп атап өтті Теміртау қаласы ПБ бастығының орынбасары Еркебұлан Әбділда.