Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың сөзіне қарағанда, департаменттің қарақшылық шабуылдарды ашу жөніндегі арнаулы тобы төрт жігітті құрықтаған.
«Екі күдікті 19 жаста, қалған екеуінің жасы 21-де. Дүкендерден алынған ақша мен қылмыс қарулары тәркіленді», - дейді Бақытжан Құдияров. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы («Қарақшылық»), 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. «Күдіктілердің осы сияқты басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде», - дейді Б. Құдияров.
Еске сала кетсек, қарулы қарақшылар дүкендерге баса-көктеп кіріп, сатушылардан ақша талап еткен. Үш оқиға да бейнебақылау камерасына түсіп қалған.