Теміртауда дәмханаға келген адамды пышақтап кеткен

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда дәмханада қаза тапқан ер адамның өліміне қатысты жаңа деректер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД-нің мәлім етуінше, 22 қыркүйекте Теміртау қалалық ІІБ полициясының Шығыс бөліміне Республика даңғылында орналасқан дәмханада 49 жастағы ер адамды белгісіз біреулер пышақтап кеткені хабарланған. Ер адам сол жерде қаза тапқан.

«Полиция қызметкерлері оқиға орнынан пышақты тапты. Теміртау қалалық ІІБ жеке құрамы толығымен тартылып, жақын маңдағы тұрғындардан жауап алынды», - деп түсіндірді ведомствода.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынын күдікті ретінде ұстаған. Ол өз кінәсін толықтай мойындап, зардап шегушімен жанжал кезінде пышақтағанын айтқан.

Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды. ҚР ҚК «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар