Жолаушыларды тасымалдау қағидасын бұзғанымен қоймай, автоледи тыйым салынған жолақтан оңға бұрылған. Полицейлер видеороликке бей-жай қарамай, көлік иесін іздестірді.
«Теміртау ІІБ жергілікті полиция қызметкерлері «Hyundai» маркалы көліктің кімге тиесілі екендігін анықтады. Жүргізуші ӘҚтК 593-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ Кодекстің 595-бабы 1-бөлігі бойынша да жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады жергілікті полиция қызметінің баспасөз орталығында.
Айыппұл сомасы 10 айлық есептік көрсеткіш - 22 мың 690 теңге.
«Бұлай жасауға болмайды. Басқа көліктермен қоса, өздеріне де қауіп төндірген», - деді полиция баспасөз қызметінен.