Теміртау ІІБ шығыс полиция бөліміне түскен мәліметте Теміртаудың екінші шағын ауданындағы №120 мектептің маңында кәмелеттік жасқа толмаған қызға белгісіз ер адам шабуылдағаны жазылған. ҚК 120-бабы 3-бөлігі бойынша соталды өндіріс жүріп жатыр.
«Қылмыс жасаған ер адамның ұлты анықталған жоқ, арықша келген, бойы 170-175 см, салдыр-салақтау киінгені белгілі. Ол қара түсті тоқылған бас киім, қара күртешеде, қара кеудеше, қара спорттық шалбарда, қара кроссовкада болған», - деп хабарлайды ІІБ-ден.
Күдікті туралы естіген-білгендер болса, Теміртау ІІБ шығыс полиция бөліміне: 8 7213 95 42 00, 95 10 02 не 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.