«Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Криминалдық полиция қызметкерлері облыстың екі тұрғынын ұстап, уақытша оқшаулағышқа қамады. Төбелеске қатысы барлардың бірқатары полиция бөліміне жеткізілді. Олардың әрқайсысының төбелеске қатыстылық деңгей, кінәлары анықталуда», - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Бастапқы болжам бойынша, жігіттер арасындағы төбелес қызға қатысты басталған. Топтасып төбелесу Теміртаудағы жергілікті университет маңында 17 қыркүйекте болған. Одан 7 адам зардап шегіп, төртеуі пышақ жарақатымен ауруханаға түскен.